Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрмысқа енді шыққан қалыңдық той біткен соң көз жұмды

Үндістанның Адьяр қаласында тұрмысқа жаңа шыққан қалыңдық кенеттен көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

23 жастағы Лайла Афия есімді бойжеткен өзінің ағасының тойында жеміс сатушысына тұрмысқа шыққан. Жастарды құттықтауға жүздеген адам жиналған. 

Той аяқталған соң қалыңдықтың туыстары мен достары оның үйінде мерекені жалғастырмақшы болып барады. Куәгерлердің сөзінше, Афия көппен бірге қуанып жүрген. Алайда біраз уақыттан соң кеуде тұсындағы ауру жайлы айтып, талып қалады. Әкесі бойжеткенді дереу ауруханаға жеткізгенімен дәрігерлер оны аман алып қала алмаған. Мамандар қыздың өліміне жүрек талмасы себеп болуы мүмкін екенін жеткізген. 

 

Талқылау