Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрғындардың қозғалысы шектеледі: Батыс Қазақстанда карантин қатаңдатылды

Батыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері аймақтағы карантиндік шаралар туралы қаулыға өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы карантинЖаңа қаулыға сәйкес, БҚО елді мекендерінің аумағында сағат 00:00-ден 6:00-ге дейін тұрғындардың қозғалысы шектеледі (құқық қорғау органдарының, жедел және шұғыл медициналық көмек пен құтқару қызметтерінің қызметкерлерін қоспағанда).

Көрсетілген уақытта жүріп-тұру қажет болған жағдайларда: облыс тұрғындарының шұғыл жағдай бойынша медициналық мекемеге, дәріханаларда дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу мақсатында жеке автокөлікпен шығуы, сондай-ақ түнгі ауысымда жұмыс істейтін адамдар "109" телефоны бойынша өтінім қалдыруы немесе STOPCOVID.KZ сайтында тіркелуі қажет.

Оқушылар саны 300-ге дейін, сыныптардағы балалар саны 15 адамнан аспайтын қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқитын болады;

  • білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды сабақтан тыс уақытта жеке оқытуға рұқсат етіледі;
  • ата-аналардың өтініші бойынша, сыныптардағы балалар саны 15 адамнан аспайтын мектепалды сыныптардың оқушылары үшін жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5-сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпты қоса алғанда, аралас форматта оқытуға рұқсат етіледі;
  •  бітіру сыныптары (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас форматта оқыту: пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтан (сыныпта 15 адамнан аспайды, "1-сынып - 1-кабинет" қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және маскалық режимдерді сақтау);";
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында 1 курс студенттері практикалық және зертханалық сабақтарды қоспағанда, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, қашықтан оқыту форматына көшірілсін.

Бұдан бөлек, сауда үйлері мен орталықтары жұмыс күндері сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін, сенбі күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Жексенбіде жұмыс істемейді.

Азық-түлік емес тауарлардың барлық түрлерін сататын дүкендер жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Жексенбіде жұмыс істемейді.

Азық-түлік дүкендері (оның ішінде минимаркеттер, алкомаркеттер, сыра дүкендері) сағат 8:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді (тамақ өнімдері, көкөністер мен жемістерді қоспағанда, тек орама түрінде сатылуы керек).

Қаулы осы жылдың 9 сәуірінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Құжаттың толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.

STAN.KZ
Сейсенбі, 06 Сәуір, 2021 18:59
Талқылау