Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тұрғындар ұстаған": Ақтауда ер адам кішкентай балаларға тиісті деген күдікке ілінді

Ақтау тұрғыны балаларға тиісті деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әлеуметтік желіде Ақтауда балаларға тиіскен ер адамды ұстау сәті түсірілген фото тарады. Жағдайды анықтау үшін оқиға орнына полиция қызметкерлері барды.

Маңғыстау облысының полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 31 шілдеде болған. Сағат 00:25-те полиция бөліміне 26-шы шағынаудан тұрғындары кішкентай балалардың артынан жүгіріп жүрген ер адамды ұстады деген хабарлама түскен.

"Оқиға орнына патрульдік полиция батальонының қызметкерлері барды. Тексеру барысында 43 жастағы ер адам балалардың артынан жүгіргені емес, түнде тыныштықты бұзып, адамдарды мазалағаны анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК 437-бабының 2-бөлігі (тыныштықты бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", – делінген хабарламада. 

Полицияда тәртіп бұзушыға физикалық күш жұмсалмағанын түсіндірді.

Баптың бұл бөлімі жеке тұлғаларға 10 АЕК (34 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.

Талқылау