Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрғын үй, коттедждер мен жер иелену: Алматының таулы аумағында 150-ге жуық құрылыстың заңсыздығы анықталды

Бас прокуратура Алматының таулы аумағында 150-ден аса заң бұзушылық фактілерін анықтады. Қатарында жер иеленіп алу, тұрғын үй және коттедж тұрғызу жағдайлары бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

алматы

Дерекке сүйенсек, 20 жылдан бері бұл талаптар ескерілмей келеді. Осылайша прокуратураның наразылығымен аумағы 200 гектар "жасыл аймақтан" "қоршалған үйлерге" айналған жобаның егжей-тегжейлі жоспарына бұрын енгізілген өзгертулер жойылды. Тау бөктерлеріндегі жаппай құрылыс пен көпжылдық жасыл желектерді шабудың алды алынды.

Мысалға Наурызбай ауданының Жайлау шағын ауданында аумағы 13 гектар жеке тұрғын үй құрылысына арналған жалған әкімдік актілерінің күші жойылған. Онда таулардың баурайында аз қабатты тұрғын үй кешендерінің құрылысы жоспарланыпты. Сонымен қатар автокөлік жуу орындарының заңсыз жұмыс істеуінің 29 фактісі, сондай-ақ мақсатты пайдаланылмайтын 15 учаске анықталды. Бұл нысандар су қорғау белдеуінде орналасқан.

Су қорғау аумақтарында барлығы 118 бұзушылық анықталды, соның ішінде бассейн инспекциясының келісімінсіз 40 нысанның құрылысы және 15 су қорғау белдеулерін өз беттерінше иемдену фактісі тіркелген. Тексеру барысында қылмыстық іс қозғалды. 

Сондай-ақ Іле-Алатау ұлттық паркіне қарасты жер учаскелерін беру мәселесі аясында туристік мақсаттарға арналған учаскілерге іс жүзінде коттедждер салынған аумағы 15 гектардан асатын жерлер анықталған. Прокурорлардың араласуымен саябақ жалдау шарттарын бұзу туралы 5 талап арыз берілді.

Тағы да бір маңызды сұрақ, қала су айдындарының бойындағы құрылыс. Су қорғау белдеулерінде құрылыс жұмыстарын жүргізуге заңмен тыйым салынған. Мұндай аймақтар тұрғындарды табиғат апаттарынан қорғау мақсатында пайдаланылуы қажет. Сонымен бірге органдармен құрылысқа рұқсат берілген біршама нысан бар, олардың бірқатары су инспекциясының келісімінсіз жүзеге асқан.  Басқа жағдайда су қорғау белдеулері қасақана 35 метрден 6 метрге түсірілген, бұл өз кезегінде сол аумақтарда жоғары қабатты тұрғын үйлер тұрғызуға мүмкіндік береді. Мұндай құрылыстар Әуезов, Наурызбай, Жетісу, Алатау аударында бар.

Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша осы аумақтарда құрылыс салуды бақылау тетіктерін күшейтуге, құрылысқа рұқсат беру құжаттарын беруді болдырмауға және уақтылы ден қоюға бағытталған бірқатар нақты шаралар қабылдауға ұсынылды.

Сонымен қатар қадағалау орган жүргізілген талдау материалдарын құқықтық баға беру үшін құқық қорғау органдарына жолдайды.

Олжас Нұржақып
Дүйсенбі, 22 Мамыр, 2023 11:49
Талқылау