Тұрғын құтының қақпағын пышақпен ашамын деп қайтыс болды
Ресейде оқыс оқиға. Ленинградтық тұрғын құты қақпағын пышақпен ашу үстінде қолы тайып, өзіне сұғып алған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы жағдай туралы РЕН ТВ жазды. Дерекке сүйенсек, 37 жастағы ер адам құты қақпағын пышақпен кесіп ашпақ болған. Бірақ қолы тайып өзіне сұғып алған. Келіншегі дереу жедел жәрдем көмегіне жүгінгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмапты.
“Пәтерге кірген дәрігерлер пышақ жарақатын алған ер адамды жедел жәрдемге жатқызды. Көп қан жоғалтуына байланысты ол жолда қайтыс болды”, - делінген ақпаратта.
Артынша оқиға орнына барған полицейлер әйелдің араққа сылқия тойып алғанын анықтаған. Тексеру кезінде келіншектің бұған дейін алаяқтық және есірткі сату, ұрлық фактілерімен сотты болғаны белгілі болды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”