Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұншыға бастаған: Алматыда үш бала мен бір келіншек 22-қабаттағы лифта қалып қалды

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті жедел кезекшісінің көмекшісінің басқару пультіне лифтте тұрып қалған адамдар туралы қоңырау түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қоңырау шалған әйел "Бұқар жырау" тұрғын үй кешенінде лифтің 22 қабатында тұрып қалғанын айтты. Келіншек жанында тағы үш адамның бар екенін айтқан. 

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің айтуынша, әйел мен балалар ауа жетпегендіктен тұншыға бастаған.

"Қоңырауды жедел кезекші көмекші Минтаева Гүлдана басқарды. Жеделсатыға қызмет көрсететін қызметкер қысқа мерзімде келді. 10 минуттан кейін жабық кеңістіктегі адамдар құтқарылды", - деп хабарлады ТЖМ.

Құтқарушылар тұрғын үй кешенінің КСК басшылығының қызметін сынға алды. Олар лифтің бұзылып тұрғанын және ескерту берілгенін айтқан. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр