Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұңғыш президентті ешкім сатып жатқан жоқ - Сенатор Нариман Төреғалиев

Жаңа Қазақстанда депутаттардың да ойы өзгеріп жатыр. Дегенмен Алдағы конституциялық өзгерістерге қатысты пікір білдірген сенатор Нариман Төреғалиев тұңғыш президентті ешкім сатып жатпағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Назарбаев

"Әрине, кемшіліктер болды. Мысалы, сыбайлас жемқорлық, басқа да мәселелер бойынша кемшіліктер көп-ақ. "Оған кім кінәлі?" деген сұрақ туындайды. Оған бәріміз кінәліміз. Кейде жалғыз үкімет кінәлі деп жатамыз ғой. Оған парламент те, үкімет те, биліктегі адамдардың бәрі кінәлі. Соның ішінде халық та бар", – деді Төреғалиев журналистерге берген сұхбат барысында.

Сенатордың сөзінше, Жаңа Қазақстанда депутаттардың ойы өзгергенімен., "тұңғыш президентті ешкім сатып жатқан жоқ".

"Жалпы, қазіргі саяси реформаларға қолдамайтын болсақ, онда өзгеріссіз отыра берейік. Өзіңіз айтқандай, 30 жыл бойы отырдық қой. Жаңа Қазақстанда депутаттардың да ойы өзгеріп жатыр деп есептеймін. Бірақ бұл жерде тұңғыш президентті ешкім сатып жатқан жоқ. Ол кісінің сіңірген еңбегін сіздер де білесіздер. Оны жоққа шығара алмаймыз. Кез келген адамның бойында қателік болады. Қателіктер болды. Бірақ ол кісі ештеңе істемеді деп барлығын жоққа шығарғанымыз дұрыс емес", – деп атап көрсетті Төреғалиев.

Нариман Төреғалиев Конституциядан Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық мәртебесін алып тастағаннан кейін бюджет шығындары да азаятынын мәлімдеді.

"Статусты алып тастағаннан кейін сол статусқа қарастырылған барлық қаражат тоқтатылады. Бюджет бекітілсе де, оны басқа қажеттіліктерге жұмсайды", –  дейді Төреғалиев.

Назархан Уән
Бейсенбі, 19 Мамыр, 2022 12:18
Талқылау