Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тыңдармандары Луинаға киімсіз жүруге кеңес берді

Қазақ эстардасында жартылай жалаңаш сахнаға шығып, ашық-шашық киім киетін бойжеткендердің бар екені сөзсіз. Сол жандардың бірі – әнші Луина. “Мен жалаңаш түскен суреттерімді инстаграмға көп салмаймын” деп ақталатын әнші оқырмандарын бұл жолы да таңқалдырды.

27a1ae488d6804573e601eea2295052c

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әнші тыңдармандарын жаңа әндерімен ғана емес, жартылай жалаңаш суреттерімен қуантқанды жақсы көретіні ешкімге де құпия емес. Танымал жұлдыздар Ким Кардашьян мен Мақпал Исабекованың эстафетасын жалғап, су киімінде түскен суретін салды. Ал желі қолданушылары әншінің бұл әрекетін сантүрлі бағалады.

юд

Бірі “Мақпалдың су киімі Луинаның су киіміне қарағанда әлдеқайда жабықтау екен ғой. Су киімі жіп қой, жақында жіп жоқ болса мүлде таңқалмаңдар! Луина сені әнші ретінде жақсы көремін, әндерің жақсы. Бірақ мынауың тым артық. Ренжіме өз ойым! Түк те қызғаныш емес!” деп қос әншіні салыстырып та үлгерді.

рнв

Енді бірі “Сымбатың да, киімің де тамаша. Маған ұнайды. Көрсететіні де бар” деп жазды.

ваку

Арасында көпшілігі әншіге бұдан былай киімсіз жүре беруге кеңес беріп жатты. Бірақ Луина тыңдармандарының жағымсыз пікірлерін құлаққа ілмейтін секілді. Өйткені осыған дейін өзінің көпшілік ырқына көніп, өзге біреуге бола өзгеруге тырысатын кішкентай қыз еместігін айтқан-ды.

Moschino-14-03-20-23-1

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін Луинаның бес жыл бойы бірге тұрып жатқан продюсері ұсыныс жасауға асықпайтыны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау