Мейрамбек Бесбаев қырыққа толған жігіттердің әнін шырқады (видео)
Жасы отыздан асқандардың гимніне айналған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған әнді жұрт жақсы біледі. Аталмыш әннің орындаушылары көп. Тек заманауи үлгіде соңғылардың бірі болып орындаған әнші Айқын Төлепберген болды. Енді, міне, қырықтың қырқасына шыққан азаматтардың әні пайда болды. Оның орындаушысы жастайынан аты аңызға айналып үлгерген қазақтың біртуар дарыны – Мейрамбек Бесбаев.
Күні кеше қазақтың Мейрамбегі 40 жасқа толып, ағайын-туыстың, дос-жаранның басын қосып, дүркіретіп той тойлады. Бұл той бұрынғыдан өзгерек болды. Әншінің мерейтойына қазақ эстрадасының жұлдыздары түгел жиналды. Екіншіден, анасы Мейрамбекке 115 жылдан бері атадан балаға мирас болып келе жатқан қасқырдың терісінен жасалған ішікті тарту етті.
Басқасын айтпағанда, Мейрамбектің су жаңа «Қырық дегенің» атты әні тыңдаған құлақтың құрышын қандырды. Аталмыш әнді алдағы уақытта жасы қырыққа толған азаматтардың жиі шырқайтыны анық.
Жіберіп алмаңыз:
Мейрамбек пен Тоқтардың даусын айнытпай салған жігіт желіні шулатты (видео)
Ақын Қалқаман Сарин Мейрамбек Беспаевқа арнап өлең шығарды
Мейрамбек Беспаевтың өз туған күнінде билеген биі ғаламторды шулатты (видео)
Дизайнер Жадо күйеуіне өзге әйелдермен жүріс жүруіне рұқсат бергенін айтты