"Тұман және көктайғақ": Қазақстан бойынша 8-10 ақпанына арналған ауа райы болжамы жарияланды
"Қазгидромет" 8-10 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің болжамына сәйкес елде тұрақсыз ауа райы байқалады. Кей аймақтарда жауын-шашын жауып, көктайғақ болады. Сонымен қатар желдің күшеюі күтіледі.
"Кезеңнің басында, Қазақстан аумағының басым бөлігі Екатеринбург аудандарынан және онымен байланысты атмосфералық фронттардан келетін циклон жырасының ықпалында болады", – деп мәлімдеді "Қазгидромет" РМК мамандары.
Қазақстанның солтүстік, шығыс, орталық өңірлерінде жауын-шашын тоқтап, температураның төмендеуі болжанады. Солтүстік өңірлерде түнгі уақыттарда минус 15-28 градусқа дейін аяз болады. Ал орталық өңірлерде 15-25 градус, шығыс аймақтарда 15-30 градус аяз күтіледі.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”