Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұман түсіп, шаңды дауыл болады: Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер 16 қазанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстікте, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. 

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман болады. 

Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы – 15-20 м/с. Шаңды дауыл тұрады.

Сондай-ақ 16-17 қазанда Алматы облысында Алакөл көлдерінің аумағында 23-28 м/с екпінмен жел соғады, күші 30 м/с және одан жоғары көтеріледі.

Талқылау