Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тұман басып, көктайғақ болады": Синоптиктер ел бойынша дауылды ескерту жариялады

Фото: freepik.com

“Қазгидромет” 15 ақпанға Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алматы облысының таулы аудандарында түнде кей уақытта қалың қар жауады.

Жамбыл облысына тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Тараз қаласында да кей уақытта тұман мен көктайғақ болады.

Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстігінде түнде көктайғақ болады деп болжанып отыр. Ал кейбір аудандарын тұман басады. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Ақтауда түнде және таңертең тұман түседі, күндіз жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Атырау облысында тұман мен көктайғақ болады деп болжанып оытр. Жел 15–18 м/с-қа дейін көтеріледі. Атырау қаласында түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Қызылорда облысының солтүстігінде түнде және таңертең көктайғақ болмақ. Ал кейбір аудандарын тұман басады. Қызылорда қаласында кей уақыттарда тұман түседі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде түнде жаңбыр мен қар, жауын-шашын жауып, көктайғақ пен жаяу бұрқасын болады. Күндіз де кейбір аудандарда жауын-шашын мен көктайғақ сақталады. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Ақтөбе қаласында күннің екінші жартысында көктайғақ болады. 

Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аймақтарында таңертең және күндіз жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауып, көктайғақ болады. Кейбір аудандарда тұман түседі. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Шымкент қаласын түнде және таңертең тұман басады деп болжанып отыр. Түркістан қаласында да түнде және таңертең тұман болады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман. Жезқазған қаласын да тұман басады.

Шығыс Қазақстан облысының жекелеген аудандарында түнде және таңертең тұман. Ал Өскемен қаласында түнде және таңертең тұман болады.

Абай облысының оңтүстік-шығысын түнде және таңертең тұман басады деп болжанып отыр. Ал жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында тұман болады. Қарағанды қаласын түнде және таңертең тұман басады. 

Батыс Қазақстан облысында түнде қар жауып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ болады. Күндіз де кейбір жерлерде жауын-шашын мен көктайғақ сақталады. Бірқатар аудандарда тұман түседі. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Орал қаласында жаяу бұрқасын, тұман және көктайғақ болады.

Жетісу облысының таулы аудандарында түнде кей уақытта қалың қар жауады. Кейбір аудандарда тұман мен көктайғақ болады. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейіп, кей сәттерде 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Талдықорғанда түнде және таңертең кей уақыттарда тұман мен көктайғақ болуы мүмкін. 

Қостанай облысында күндіз әлсіз қар жауып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ болады. Кейбір аудандарда тұман түседі. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Қостанай қаласын да тұман басады.

Нұрила Жұмаділлә
Сенбі, 14 Ақпан, 2026 19:13