Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

TV+ платформасында тағы бір туынды: Қазақтелеком маусым айында көрермендерге "Үкім" атты жаңа қылмыстық драманы ұсынады

Қазақстанның ірі телеком-операторы өзінің TV+ телевизиялық платформасы үшін контент дайындауға бағытталған ынтымақтастығын жалғастыруда. "Қара аула" телехикаясымен қазақстандық көрерменге әйгілі режиссер Диас Бертистің "Үкім" атты дебюттік толықметражды картинасы маусым айының соңында жарық көрді. Фильмге Қазақстан мен Қырғызстанның продюсерлік компанияларының конгломераты қатысты. Ал "Қазақтелеком" және оның серіктесі Salem Entertainment бұл жобаға медиа-қолдау көрсетуде.

Фильм Қырғызстанда 2000 жылдардың соңында өмірде болған оқиғаның негізінде түсірілген. Арнайы қызметтің тыңшысы болуды армандайтын Ыстықкөл жағалауындағы шағын қаладан келген мектеп оқушысы әділетсіз сот жүйесіне тап болады. Жергілікті депутат өз ұлын қорғап қалу үшін қолдан келгенін аямайды: әділдікке қол жеткізе алмаған Ақтан бала күнгі досы Кубамен бірге қолдарына қару алып сот ғимаратын жаулап алады. "Үкім" Dakeshi Street (Қазақстан), Taurus Asia Production (Қазақстан) 1.1. Studio (Қырғызстан), CTR (Қырғызстан) продакшн-компанияларының халықаралық ынтымақтастығының нәтижесі болды. Биыл наурызда туынды Қазақстан мен Қырғызстан кинотеатрларында көрсетілген еді, 20 маусымынан бастап ол ірі отандық телеком-оператордың TV+ платформасында қолжетімді болды. 

Режиссер Диас Бертистің дебюттік фильмнің продюсерлері Данияр Хатим, Анар Жүнісова, Анна Чакиртова, Асхат Табалдиев, Бақтияр Матянью және Автандил Батырбеков болды. Фильм авторлары 2023 жылы сәтті болған "Қазақтелеком" мен "Salem Entertainment" компанияларының "Қара аула" сериалының танымалдығы осы жобаны бастауға себеп болғанын жасырмайды. Екі туындыда да команда бөлігі мен негізгі актерлер құрамы бір болып тұр. Дегенмен фильмнің негізгі ойы – алдыңғы сериалдағыдай жаза емес, кешірім мен мейірімділік тақырыбын көтеру. "Үкім" туындысында басты рөлдерді Рауф Ахмедов пен Дамир Амангелдин сомдады. Сондай-ақ фильмде Айбар Салы, Қамбар Нұрғали, Абылай Марат, Бегайым Асанакунова, Аскат Сулайманов, Жамиля Садықбаева, Болот Тентімышов және Назым Меңдебайыров ойнайды. 

"Бұл туындыда әркімнің басынан өтуі мүмкін қарапайым жасөспірімдердің тарихы қызықтырды. Өз басым бала күнімде Алматының осындай аудандарында өстім. 90-жылдары жоғары оқу орнында оқып жүріп, құрдастарым осылай ойнақтап жүріп от басқан қайғылы қателіктеріне куә болдым. "Үкімдегі" оқиға әлдеқайда тыныш заман деп саналатын 2000-жылдары болғанымен, әсіресе жастар арасында кек алу үйреншікті жағдай еді. Әлі күнге дейін біреуден өш алу, "жауап" беру дұрыс әрекет болып саналады. Ал біз кешірімді болуға үйреткіміз келеді. Бұл ой Құранда жақсы көрсетілген: "зұлымдық үшін кек алу — зұлымдыққа тең. Алайда кімде-кім кешіріммен қарап, татулық орнатса, онда оған Алланың нұры жауады” делінген", – деді фильмнің бас продюсері Данияр Хатим. 

Фильмнің режиссері Диас Бертис Ален Рахметалиевпен бірлесіп "Үкім" сценарийін 4 ай ішінде жазып шықты. Бұл жұмыста Диас жасөспірімнің психологиялық портретін жасауға тырысады. Оның психикасы сыртқы факторларға ерекше сезімтал және олардың әсері жастық максимализммен күшейеді. Мұның бәрі қосылғанда шалыс басу өте оңай, кейде тіпті өлімге әкелетін әрекеттерге жетелеуі мүмкін.  

"Оқиғаның басты кейіпкерлері менің құрдастарым болғаны да жобаға ерекше қызығушылық танытуыма сеп болды. 2008-2009 жылдары мен де 16-17 жаста едім. Әрі мәдени, әлеуметтік ортамыз ұқсас болатын. Ол кезде жас жігіттердің мұрат-мақсаттары басқа болғанын түсінген жөн. Бұзақылық пен көшедегі төбелес дәуірі аяқталғанымен, әлеуметтік желі дәуірі әлі басталған жоқ еді. Менің құрдастарым үлкен спорт немесе құқық қорғау органдарындағы мансапты армандады. Сонымен бірге көбіміз әділетсіздікке тап болдық. Әрине, фильмдегідей көлемде емес, бірақ соған қарамастан түрлі оқиғалар, оның ішінде билік өкілдерімен қақтығыстар болды. Сондықтан мен "Үкім" сценариін толық метражды дебют ретінде таңдадым", – дейді Диас Бертис.

Жобаның бірлескен продюсерлері Taurus Asia Production компаниясының құрылтайшылары Анар Жүнісова мен Анна Чакиртова болды. Тәжірибелі кинорежиссерлер Диас Бертистің картинасын неліктен өз бірлестігінің дебюттік жобасы етіп алғаны жөнінде Анар Жүнісова былай дейді: 

"Бірнеше жыл бойы кино және телехикаяларда продюсер болып жұмыс істегеннен кейін өзіме жаңа есімдерді ашқанды ұнататыныма көзім жетті. Диас Бертиспен біз "Ойыншы" және "Қара аула" жобаларында жұмыс істедік, сондықтан ынтымақтастығымыз одан әрі өрбіп, толық метражды дебютке айналды". 

Өз кезегінде Анна Чакиртова "Үкім" – Бертистің алдыңғы жобасы "Қара аула" сериалы сияқты қазақстандық және қырғызстандық кинематографистердің бірлескен жұмысының нәтижесі екенін атап көрсетеді. Көрші елдердің кинематографистерінің бірлескен жұмысы Қазақстан мен Қырғызстандағы ұқсас менталитет пен жаңа жанрлық киноға сұраныс тұрғысынан аса маңызды. Әрине, болашақ картина, ең алдымен, былтыр "Қазақтелеком" мен Salem Entertainment бірлесіп шығарған "Қара аула" сериалының үлкен фан-базасына қызық болады. "Қазақтелеком" АҚ бөлшек бизнес дивизионының Бас директоры Игорь Погребицкий "Үкім" қазақстандық аудитория тарапынан "Қара аула" сияқты сұранысқа ие болатынына сенімді.

"Біз көрерменнің TV+ платформасында отандық контенттің пайда болуына мүдделі екеніне көз жеткіздік. Біздің Sәlem-мен бірлескен сериалдарымыз көрерменнің көзайымына айналып келеді. "Қара аула" – бұл ең жарқын дәлел. Сондықтан біз Диас Бертистің жаңа жұмысына қолдау көрсетіп, оны TV+ кинотекасының бір бөлігіне айналдырып, абоненттерімізге осы туындыға қол жеткізуді қамтамасыз етеміз. Фильм біздің платформамызға жаңа көрермендерді тартатынына сенімдімін. Ал біз өзіміздің жаңа контентімізді жасап, отандық және шетелдік режиссерлердің ең жақсы туындыларын шоғырлауға бағытталған жұмысты жалғастырамыз", – дейді Игорь Погребицкий.

Еске сала кетейік, былтыр TV+ платформасында "Қазақтелеком" мен Salem Entertainment бес бірлескен жобасы жарық көрді. Биыл жыл басынан бері платформа көрермендері осы компаниялардың тағы үш көпсериялы бірлескен жобасына қол жеткізді. Ал төртінші – "60 кг" отбасылық драмасының премьералық көрсетілімі платформада қазір жүріп жатыр.

Талқылау