Туыстары Әблязовтың бостандыққа шыққанын айтып сүйінші сұрады
Ақша жымқырды деп айыпталған БТА банктің экс басшысы Мұхтар Әблязовтың туыстары оның бостандыққа шыққанын хабарлады.
Қарлығаш және Мадина Әблязовалар желідегі парақшаларында экс банкирмен қауышып отырған сәттен суреттер жариялады.
«Бостандықта», – деп жазды Әблязовтің қызы Мадина.
Ал Әблязовтың әпкесі Қарлығаш Әблязова:
“Мұхтар інімнің отбасымен қауышып отырған сəтіміз. Қуаныштымыз. Тілектеріңізге көптен – көп рахмет! Барлығыңызға айтар алғысымда шек жоқ!” – деп жазды.
Экс банкирдің күнәсіздігіне сенім артқан желі қолданушылары Әблязовтың туыстарын құттықтауға асықты.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Франция Мұхтар Әблязовті Ресейге экстрадициялаудан бас тартқан еді.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстандықтар Иманғали Тасмағамбетовті 60 жасқа толған туған күнімен құттықтауда
Жақсыбеков Тоқаевқа: Сіз Астанаға жуынуға келдіңіз бе? (видео)
Бекболат Тілеухан министрден Facebook желісін ауыздықтауды сұрады
Сағынтаев: Қыз ұзатылуға дайын, бiрақ алатын ешкiм жоқ