Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түтінсіз болашақ: Ғалымдар темекі шегетін адамдардың мәселесін қалай шешуде

2024 жылдың күзінде "Филип Моррис Интернешнл" әлем елдерінің 37 медициналық мекемесінде ауқымды зерттеу жасады. Нәтижесінде қыздырылатын темекіге толығымен ауысқан адамдардың денсаулық көрсеткішінде оң өзгерістер анықталды.

Қыздырылатын темекінің заманауи инновациялық жүйелері адам денсаулығына ғана емес, дүниетанымына да қандай өзгеріс әкелетінін "Филип Моррис Интернешнл" (ФМИ) атқарушы директоры Яцек Ольчак айтып берді.

– Яцек, көпшілік "Филип Моррис Интернешнл" компаниясы 1993 жылы Қазақстандағы алғашқы инвестор болғанын біледі. Біздің елде жұмыс істеу сіз үшін нені білдіреді? 

– Шынымен Қазақстанда 31 жыл жұмыс істеп келеміз. Ұзақ уақыт бойы Қазақстан біздің жанымыздың, стратегиямыздың, өміріміздің бір бөлшегіне айналды. Ал біз ел экономикасының бір бөлігіне айналдық. 1993 жылы Қазақстанда Алматы темекі фабрикасын сатып алу арқылы "Филип Морриспен" инвестициялық келісім тіркелгені есімде. Сол кезден бастап мен осы компанияда жұмыс істей бастадым. 

Қазақстанның дамуына қосқан үлесіміз туралы айтатын болсақ, бұл инвестициядан да әлдеқайда көп.

Біріншіден, біз елдің ең жақсы 10 салық төлеушісінің қатарына кіреміз. Біз осы тізімдегі жалғыз FMCG компаниясымыз. Екіншіден, қазақстандықтардың бірнеше буыны біздің компанияда жұмыс істейді (2024 жылы қазақстандық филиалда 843 адам жұмыс істейді). Олардың кейбіреуі жауапты халықаралық қызметке тағайындалды. Осылайша біз адами капиталды дамытуға үлес қосудамыз. Үшіншіден, біз өз бизнесіміздің елде қалай жұмыс істейтініне ғана емес, экспорттық әлеуеті туралы да ойлаймыз. Яғни Қазақстанның сыртқы саудасын дамытамыз.

– Яцек, қыздырылатын темекі флагмандық жүйесі Қазақстанда 2017 жылы іске қосылды. Елімізде түтінсіз өнімдерді дамыту туралы сіздің көзқарасыңыз қандай?

– Білуімше, Қазақстанда темекі шегетін адамдардың көбі түтінсіз өнімдерге көшуде. Бүгінде елімізде 4 миллионға жуық темекі шегетіндер бар. Ал қыздырылған темекіні пайдаланушылар қазірдің өзінде 500 мыңнан асады. Осы тұста біздің алдымызда өте маңызды мәселе тұр. Қалған қарапайым темекі шегетіндерге зиянды емес өнімдерге ауысуға мүмкіндік беретін инновациялық шешімдерді көрсету керек.

– Кейбір белсенділер түтінсіз өнімдердің тек жаңа тұтынушылар тарту тәсілі екенін айтады. Мұндай мәлімдемеге қалай жауап берер едіңіз?

– Бұл жағдайда қыздырылған темекіні коммерцияландыру басталғаннан бергі "Филип Моррис" деректеріне жүгіну керек. Сондай-ақ Ұлыбританиядағы, АҚШ-тағы және басқа елдердегі тәуелсіз және мемлекеттік көздерден алынған деректерге назар салсын.

Ең алдымен, түтінсіз өнімдер кәдімгі темекіні тұтынатындар үшін біраз мәселені шешеді.

Екіншіден, үкімет түтінсіз өнімдерді шектейтін елдерде кәдімгі темекі сатылымы автоматты түрде өседі. Яғни азаматтардың денсаулығына зиян артады деген сөз. Түтінсіз өнімдерге рұқсат етілген мемлекеттерде керісінше темекі сатылымының біртіндеп төмендегенін көреміз. Осы тұста “Қазақстан 4 миллион темекі шегетіндермен қандай бағытта қозғалуда?” деген сұрақ туындайды.

Үшіншіден, ойланайық, ғылым тұрғысынан темекі шегетіндердің басты мәселесі неде? Темекі шегетіндерге никотин зиян емес, негізгі зиянды түтіндегі улы заттар келтіреді. Бұл онкологияның, жүрек-қан тамырлары және басқа да аурулардың дамуына себеп болады. Ал түтінсіз өнімдерде зиян азырақ. Өйткені оның құрамынан түтін мен онымен байланысты токсиндер алынып тасталады.

– Түтінсіз болашаққа қол жеткізуде қандай елдер алға жылжуда? Бұған негізгі себеп неде?

– Ең алдымен, темекі шегетіндерге түтін шығарылмайтын балама өнімдер қолжетімді елдерде нәтиже бар. Ең маңыздысы мұндай елдерде темекі шегетіндерге дұрыс ақпарат беріледі. Яғни темекінің зияны мен оны алмастыра алатын түтінсіз өнімдер туралы ғылыми дәлелдер бар. Мұны білетін адамдар көп жағдайда дұрыс таңдау жасайды. Темекі шегуді тоқтатады. Бүгінде бұл тәжірибені Жапония, Литва, Польшадан және басқа да елдерден көріп отырмыз. 

– Қыркүйекте Филип Моррис екі жылдық клиникалық зерттеудің нәтижелерін ұсынды. Онда темекі шегетіндер мен қыздырылған темекіні пайдаланушылар арасындағы тоғыз биомаркердің айырмашылығына ерекше назар аударылған. Жалпы мұнда қандай нәтижелер бар?

– Әлемнің әртүрлі клиникаларында үш айлық зерттеу жасалды. Зерттеуге барлығы 37 медициналық мекеме қатысты. Нәтижелесінде темекі шегуді жалғастырғандар мен екі жылдан астам уақыт қыздырылатын темекі жүйесіне ауысқандар арасында салыстырмалы түрде статистика жасалды. Ықтимал зиянның тоғыз биомаркері (biomarkers of potential harm – BoPH) бойынша қыздырылатын темекі жүйесіне ауысқандарда оң айырмашылық болды.

Осыдан соң зерттеу нәтижелерін АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасына (US FDA) жібердік. Басқарма темекі шегетіндер денсаулығына әсері төмен өнім ретінде қыздырылатын темекі жүйесіне рұқсат берді. 

Келесі кезеңде (12 ай бойы) біз қыздырылатын темекіге толығымен ауысқан адамдардың денсаулық көрсеткіштерінде оң өзгерістер бар екенін растадық. Бұл темекі шегетіндерге зиянды азайтудың тағы бір маңызды дәлелі болды.

Яғни, биомаркерлерді зерттеудің әртүрлі кезеңдерінде біз қарапайым темекіні қолданатындармен салыстырғанда қыздырылған темекі пайдаланушыларынан оң өзгерістерді көрдік. 

Сұхбаттың түпнұсқасы Zakon.kz порталында жарияланды. Stan.kz редакциясы оқырмандарымыз үшін сұхбат аудармасын ұсынады.

Талқылау