Түскі ас ішіп отырған: Теміртауда медбике қансыраған ер азаматқа көмектеспей қойған
Теміртау тұрғыны медицина қызметкерлерінің немқұрайлығына шағымданды. Қансырап келген оған медбикелер көмек бермей қойған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Қолын жарақаттап алған ер азамат медицина мекемесіне келген. Қансырап, дәлізде отырған оған дәрігерлер қарамай қойған. Өз кезегінде олар жарақатты орап беру үшін құрал-саймандарды күтіп отырғанын айтқан. Ал шын мәнінде медбикелер тамақ ішіп отырыпты. Бұл ер азамат жариялаған видеода айқын көрінеді.
Қазіргі таңда мұндай бей-берекетсіздікке барған медбике тәртіптік жазаға тартылған.
Еске салсақ, бұған дейін БҚО-да дәрігерлер төрт жасар баланың екі қолын кесуге мәжбүр болғаны айтылған еді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”