Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түсіңде тістердің түсуін көру нені білдіреді - Психолог түсіндірді

Адамдар түсінде тісінің түсіп қалғанын жиі көреді. Эзотерик мамандар  мұны денсаулыққа көңіл бөлу керектігінің белгісі деп ескертіп, тіпті өліммен байланыстырып жатады. Ал психологтар бұл құбылысты ғылыми тұрғыдан түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Доктор Питер басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Адамдардың 40%-ы өмірінде бір рет болсын түсінде тісінің түсіп қалғанын көреді. Бұл адамдардың жиі көретін түстер қатарына жатады. 

Жақында израильдік ғалымдар зерттеу жүргізу барысында 18 бен 28 жас аралығындағы 210 адамнан сұхбат алды. Олардың әрқайсысы көрген түстері жайлы, қандай күйзеліске ұшырағанын және қалай ұйықтағанын айтады.

Сондай-ақ, қатысушылар тістерінің, ауыз қуысының қандай жағдайда екенін айтып берді. Мысалы, ауыздан жағымсыз иіс шыға ма, жағы шаршай ма немесе тістері сезімтал ма?

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, адамның түсінде тіс көруі мен оянғанда ауыз қуысында тітіркенуінің арасында байланыс бары анықталды. Мысалы, ұйықтап жатқанда тістерін қайрайтын адамдар бар. Бұл "бруксизм" деп аталады және аталмыш құбылыс жақтың еріксіз қатты қысылуымен байланысты.

Сондай-ақ Негев қаласындағы (Израиль) Бен-Гурион университетінің ғалымдарының айтуынша, тіс туралы қорқынышты түстердің ұйқының бұзылуымен немесе күйзеліспен еш қатысы жоқ. 

Осылайша, ғалымдар кейбір түстердің себебі физиологиялық болуы мүмкін екенін дәлелдеді. Сондықтан әр түсіңізден психологиялық проблемалар мен тылсым дүние іздеудің қажеті жоқ.

 

Талқылау