Түсік тастағанын күйеуінен жасырған әйел ауруханадан өзгенің баласын ұрлап кетті
Тайландтың Пхангнга қаласының тұрғыны күйеуінен түсікті жасыру үшін басқа біреудің баласын ұрлады.
2019 жылдың қараша айында 27 жастағы Шривалак Акетхамсатин түсік тастап, бұл жайлы күйеуіне айтуға қорқып жүрген еді. Біраз уақыт ол ол әлі де жүкті әйел секілді болып жүрді.
Желтоқсан айында Акетхамсатин күйеуіне босану үшін ауруханаға барып, сол жерде түнейтінін айтты. Ауруханада ол бір қызы бар жұпты кездестірді. Әйел оларға деген сеніміне кіріп, келесі күні таңертең палатамен жақын жерде баламен серуендеуді сұрайды.
Баланы алғаннан кейін ол ауруханадан қашып кетеді. Ол бейнебақылау камерасана түсіп қалды. Әйел мұсылман емес, буддист болса да, жүзін хиджабпен жасырды.
Сол күні олардың үйіне полиция қызметкерлері келді. Олар ауруханада әйелдің қалдырып кеткен сөмкесін тапты, онда оның үйінің жанындағы станцияға автобус билеті бар болатын.
Күйеуінің көз алдында тәртіп сақшылары әйелді тұтқындады. Ол баланы ұрлағанын мойындады. Полиция лейтенанты Нифон Янписарнның айтуынша, әйел бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
