Тұрсынғали Алагөзов сүйіктісі Баян Есентаеваға арнап сусын шығармақ
Кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовтің сусын шығаратын компанияны басқаратынын ел жақсы біледі. Жақында Алагөзов сүйіктісі Баян Мақсатқызына арнап эксклюзивті дәмі бар сусын шығармақ.
Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.
“Сусынды Баян Мақсатқызы деп атауға болады. Нарық болса, неге шығармасқа? Менің кәсібімдегі ең маңызды нәрсе – тұтынушы мен оның адалдығы. Яғни тұтынушы тұтынуға дайын болса, біз өндіруге әзірміз. Баян Мақсатқызы рұқсатын берсе, оның атымен де сусын шығарсақ деймін”, – дейді Тұрсынғали Алагөзов.
Кәсіпкердің айтуынша, жаңа сусынның дәмі ерекше, ал бағасы қолжетімді болуы тиіс.
“Одан махаббаттың, көктемнің, мүмкін лағыл тасының немесе анар жемісінің дәмі шығуы керек. Ол ащы да, тәтті де болмауы керек. Дәл Баян Мақсатқызы секілді көңілді, жайдары, мейірімді болса деймін”, – деп түсіндірді Алагөзов.
Бұл ретте Баян Есентаева да өз ойын айтты.
“Құрамында бұрыш көп болатын шығар. Бәлкім қант болатын шығар. Ол жағын білмеймін. Турсеннің мені қалай қабылдайтынын білмеймін ғой”, – деп күліп алды танымал продюсер.
Айта кетейік, Тұрсынғали Алагөзов бүгінде 200-ден астам қызметкерді жұмыспен қамтамасыз етіп отырған табысты кәсіпкер.
Жіберіп алмаңыз:
Мұрат Қожаның жас келіншегі әншіге қыз сыйлады
Қыз Жібектің рөлін сомдаған атақты актриса Кенталдың клипіне түсті