Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрсынғали Алагөзов: Мен қазір ажырасу үстіндемін

Баян Есентаева мен оның сүйіктісі Тұрсынғали Алагөзов алғаш рет бірігіп сұхбат беріп, тойдың қашан болатынын айтты. Кәсіпкер Есентаевамен танысқан кезде әйелімен некеде болғанын, ал қазір ажырасу үстінде екенін мәлім етті.

Турсен-0202

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Той күні туралы сұраққа Алагөзов:

«Біз бұл мәселені шешіп қойғанбыз. Ал достармен, туыстармен дастархан басына жиналуға келсек – меніңше, көктемге қарай. Көктемде, мамырда тойлаймыз деп ойлаймын», – деп жауап берді.

Өз сөзінде кәсіпкер алғашқы әйелімен ажырасу процесі оның кәсіпкерлігіне байланысты ұзаққа созылып жатқанын түсіндірді.

«Баянмен танысқан кезімде мен ажыраспаған едім. Қазір болса ажырасу үстіндемін. Бұл неге ұзаққа созылып жатқан процес дейтін шығарсыз, мен – бизнесменмін, заң бойынша бөлінетін мүлік бар, осыған байланысты, банктерге байланысты кейбір мәселелер болды. Осының барлығын аяқтауға уақыт керек. Ақпанның соңына дейін мәселе шешіледі деп ойлаймын… Танысқан адамдардың 99 пайызы некеде болады. Біздің жағдайда да солай болды», – дейді ол.

Баян Есентаева Тұрсынғали Алагөзовпен өткен жылдың көктемінде танысқанын және атышулы оқиғаға дейін шетелге бірге барып келгенін мойындады. Десе де ол Бақытбек Есентаев жасаған қылмысы үшін лайықты жазасын алуы тиіс деп есептейді. Сондай-ақ, ол күйеуінің көзіне шөп салған әйелді жазалау керек деген пікірді ұстанатын адамдарды қоштамайтынын баса айтты.

«Ол жасаған қылмысы үшін бостандығынан айырылды. Бірақ ең қорқыныштысы – адамдардың оның әрекетін құптап, “дұрыс істеді” деп жатқаны. Яғни адамдар көзге шөп салған әйелді жазалау керек деп есептейді, осыны қолдайды. Демек некедегі әйелдің барлығын біреуді ұнатып қалғаны үшін жазалайық онда. Қоғамның қылмыскерді ақтап, дұрыс істеді деуі – үрей туғызады. Пышақ ала жүгіретіндерді ақтайтын адамдар неге сонша қатыгез?» – дейді танымал продюсер.

Есентаева бұрынғы күйеуімен араласпайтынын, алайда балаларын әкелерінен ажыратпайтынын мәлім етті.

«Оларға ешқашан тыйым салмадым, оның үстіне ол – жақсы әке», – дейді ол.

Атышулы оқиға болған күні Алагөзов Есентаеваны таксиге отырғызып жіберген екен. Бұл жайында ол:

«Мен Баянды үйіне жеткізіп салуды ұсынғанмын. Баян қарсы болып, мен оны таксиге отырғызып жібердім. Бұл оқиға такси жүргізушісінің көзінше болды. Ол бірінші кезекте құқық қорғау органдарына хабарласуы керек еді. (…) Адамдардың әсіресе дымды білмей, түсінбей жатып, қорлау сөз айтатыны көңілге тиеді. “Сен кінәлісің” деп, еш ойланбай айта салады», – дейді.

Жіберіп алмаңыз:

5 мемлекетте демалып келген Баян Есентаева іске кірісті

Асхат Садырбай: Баласына әкесін сыйлата алған әйел – нағыз әйел

Отбасылы әйел тікелей эфирде әнші Еркін Мәуленге сезімін білдірді

Динара Қырықбаева қызының тұсауын кестірді (фото, видео)

Талқылау