Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

5 мемлекетте демалып келген Баян Есентаева іске кірісті

Баян Есентаева шетелден оралды. Ол бұрынғы жобаларын қайта қолға алып, іске кіріспек.

16110576_1852026165075536_8153398561325711360_n

Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Баян Есентаева қысқы демалысында бірнеше мемлекетке барып үлгерді. Сүйіктісін ертіп алдымен Францияға, кейін Италия еліне барды. Артынша Вьетнамға жол тартты. Ал көпке созылған саяхатын Қытай елімен тәмамдады.

Арасында Айдана Меденованың отбасымен бірге Таиланд елінде болып қайтты. Туған күнін осы жылы мемлекетте қарсы алды. Әзірге Тұрсын Алагөзов екеуінің тойының қашан болатыны белгісіз. Десе де, оның тұрмысқа шығу туралы ұсынысын қабыл алғанын ашып айтты. Бұл сөздерінің дәлелі ретінде сұқ саусағына неке жүзігін тағып жүр.

шлог

Қысқа демалысы бір айға созылған Есентаева енді іске кіріспек. Бұл туралы продюсердің өзі хабарлады. “Демалыс аяқталды. Шынайы өмірге оралдым! Жұмысқа сәлем деймін” деп жазды ол суреттің тұсына.

Желі қолданушылары өз кезектерінде жұмысбасты Баянды сағынып қалғандарын айтып жатты. “Мынау неке жүзігі ме? Құттықтаймын”, “Жаңа идеялармен, тың ойлармен және жүрегіңіздің түбінен орын алған романтикамен келген шығарсыз. Баян – біздің жерлесіміз. Оны мақтан тұтамын”, “Баян, сізге биік белестер тілеймін. Бізді қуантуды ұмытпаңыз”, “Бақытты болыңыз! Сіз бақытты болуға лайықсыз” деп жазады желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Айдана Меденова өзін “ұмытуды бұйырды” (видео)

Витас Димаш Құдайбергеновке өз әнін орындауға тыйым салды

Әжесі: Димаш біраз уақытқа дейін туған әке-шешесін білмей жүрді (фото)

Димаш Құдайбергеновтің келесі кезеңде орындайтын әні белгілі болды

Талқылау