Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрсынғали Алагөзов әйелімен қайта татуласпақшы

Тұрсынғали Алагөзов сотқа әйелімен татуласқысы келетінін айтып арыз жазды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

photo_209237

Бұл туралы Алматы қалалық соты мәлімдейді.

Ажырасу жөнінде арызды Ляйсира Алагөзова 1 ақпан күні жазған. Соттың мәліметінше, 7 ақпанда азаматтық істің материалдарын сотқа дайындау туралы шешім қабылданған. Осыдан кейін тараптар 14 ақпанда сотқа шақыртылған. Кейін 17 ақпанда соттың кеңсесі арқылы шағымданушыдан, яғни Алагөзовадан шағым-талапты қараусыз қалдыру бойынша өтініш келіп түсті. 23 ақпанда судья істі қараусыз қалдыру туралы шешім шығарды. Осылайша өнідіріс тоқтатылды”, – деп хабарлады соттағылар.

Ал 14 ақпанда Тұрсынғали Алагөзовтен сотқа ажырасу туралы арыз талап түскен. “14 ақпан күні азаматтық істің материалдарын сотқа дайындау туралы шешім қабылданған. Тараптар 1 наурызға сотқа шақыртылды. Осыдан кейін Алагөзовтен тараптардың татуласуына байланысты шара қабылдау туралы өтініш түскен. Бүгін тараптармен әңгіме жұмыстары жүргізілді. Енді 9 наурызда тараптардың татуласуы мәселесі қарастырылады”, – деп хабарлады соттағылар.

Бұған дейін Баян Есентаева мен оның сүйіктісі Тұрсынғали Алагөзов алғаш рет бірігіп сұхбат беріп, тойдың қашан болатынын айтты. Кәсіпкер Есентаевамен танысқан кезде әйелімен некеде болғанын, ал қазір ажырасу үстінде екенін мәлім еткен еді.

Баян Мақсатқызы екеуінің екі отбасынан бөлініп қосылатынын, жаңа өмірінің  қиындықтан басталатынын, оған әбден дайындалып отырғанын ашық айтты. Ол отбасындағы жанжал яғни күйеуінің пышақтауына өзінің өтірік айта алмайтындығы себеп болды деп отыр.

Сондай-ақ, Тұрсынғали Алагөзов Баянға ұсыныс жасамас бұрын бар мүлкін туыстарының атына аударғанын хабарлаған едік.

Яғни, желідегі парақшасына Баянмен түскен суретін салып: «Ол менің өмірімді өзгертті» деп жазғанға дейін небәрі бір апта бұрын Тұрсынғали Алагөзов бар мүлкін туыстарының атына аударған.

Есте болса, бұған дейін Тұрсынғали Алагөзов Баян Есентаеваға үйленген кезде неке келісім-шартына отыратынын хабарлаған еді.

Айта кетейік, Есентаева мен Алагөзов дәл қазір Мальдив аралдарында демалып жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

Тұрсынғали Алагөзовтің қызы БАҚ-қа арызын айтты

Алматыда Баян Есентаевамен суретке түсу үшін жүздеген адам кезекке тұрды (фото, видео)

Бақытбек Есентаев: Баянның опасыздығы үшін ол азаматтың отбасының бұзылғанын қаламадым

Талқылау