Тұрсынбек Қабатов отбасымен бірге Дубайда демалып жатыр (фото, видео)
Танымал актер, “Әзіл әлемі” театрының басшысы Тұрсынбек Қабатов отбасымен бірге Біріккен Араб Әмірліктерінде демалып жатыр.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Актердің жұбайы Мөлдір Мұқанова демалыс сәттерінен суреттер мен видеолар жариялап, желідегі оқырмандарымен бөлісті.
Қабатовтар отбасы бұл сапарға отбасылық достарымен бірге барған ұқсайды. Тұрсынбек пен Мөлдір шетелге төрт бірдей баласын ерте кеткен.
“Құрысын, енді баламен демалысқа шықсам, мұрнымды кесіп берем” деп алып, келесі демалысқа тағы баламен шыққан қазақтар. Бұл жағдайды баламен шыққандар ғана түсінеді. 100% демалыс болмаса да, 100% балаға көңіл бөлу, ел-жер көрсету. Өмірдің қызығы бала деген. Одан артық не керек”, – деп жазады Мөлдір Мұқанова.
Жіберіп алмаңыз:
Абдуллин: Үй мен көлік сатып алып көрмеппін, бәрін достарым сыйлайды (фото)
Ерке Есмахан Алматыдан Астанаға қоныс аударды (фото)
Димаштың қытай тіліндегі әнін 3 күнде 11 миллион адам қараған (фото)