Түрмеге түсу оңай немесе неге Kaspi Pay-ды “жалға” беруге болмайды

Қазақстандық алаяқтар Kaspi Pay-ды "жалға беруді" ұсынады. Олар жеңіл ақша уәде етеді, бірақ іс жүзінде сенгіш адамдарды қылмысқа қатысушылардың қатарына қосып алады. Бұл қалай жұмыс істейтінін түсіндірейік.
Мәселенің мәні неде?
Алаяқтар әлеуметтік желілерде хабарландырулар орналастырады. Олар Kaspi Pay-де аккаунты бар кәсіпкерлерге оны "жалға беруді" ұсынады. Орнына жеңіл ақша мен барлық салықты толық төлеуге уәде береді.
Оларға Kaspi Pay не үшін керек?
Айталық, сіз олардың ұсынысына келістіңіз де, Kaspi Pay аккаунтыңызды жалға бердіңіз. Сіздің аккаунтыңыздан алаяқтар маркетплейстерде тартымды бағамен тауар карталарын шығарады, сатып алушылардан ақша алады, бірақ тауарды ешқашан жібермейді. Ол тауар мүлде болмаған. Қарапайым тілмен айтқанда, алаяқтар адамдарды сіздің атыңыздан алдайды.
Бұл заңсыз екені түсінікті. Неге олар бөтен аккаунтты сұрайды?
Алаяқтар адам тез сенетін аңыз ойлап табады. Олар өздерінің ЖШС немесе ЖК уақытша бұғатталғанын айтады, немесе ҚҚС шегінен асқысы келмейтінін, ал бизнестің жақсы жүріп жатқанын алға тартады немесе басқа себеп ойлап табады. Әдетте мұндай себептер дұрыс көрінеді де, құрбандардың бәрі заңды деп сенуіне себеп болады.
Неге олар өз аккаунтын ашпайды?
Өз атымен бар тауарсыз сауда жасау қауіпті. Полиция ондай "сатушыларды" оп-оңай тауып, жауапқа тартады.
Маған қандай қауіп бар – менің кінәм жоқ қой?
Біріншіден, алаяқтар сіздің атыңыздан үлкен көлемде "сауда жасап", жеке кәсіпкердің (ЖК) атына ҚҚС бойынша қомақты қарыз жинап беруі мүмкін. Қазақстандық БАҚ мұндай жағдайларды жазған.
Екіншіден, Kaspi Pay аккаунтыңызға алаяқтарға қол жеткізуге рұқсат беру арқылы сіз алаяқтық жоспардың қатысушысына айналасыз. Алданған сатып алушылар полицияға жүгінген кезде, бүкіл операция дәл сіздің аккаунт арқылы жүргізілгені бірден белгілі болады. Бұл — қылмыстық іс.
Егер мен алаяқтарға көмектесіп жатқанымды түсінбесем, кінәлі болмаймын ғой?
Жоқ. Заң бұзып жатқаныңызды түсінбесеңіз де, бұл сізді жауапкершіліктен босатпайды.
Өзіңді мұндайдан қалай қорғауға болады?
Бөгде адамдарға ешқашан және ешқандай себеппен өзіңіздің банк аккаунттарыңызды, әсіресе Kaspi Pay-ды бермеңіз. Есіңізде болсын: бөтен адамның аккаунтын "жалға алуға" заңды себеп жоқ.
"Kaspi.kz алаяқтарға қарсы" науқаны аясында жақында Kaspi Pay-ды жалға беру схемасы туралы жаңа бейнеролик жарияланды. Оның қалай жұмыс істейтінін көріңіз.
Естеріңізге салайық, Kaspi.kz Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен ең көп тараған алаяқтық схемалар жайлы бірқатар бейнеролик түсірді. Мұндағы мақсат — адамдарды алданып қалмаудан сақтандыру. Жаңа видеолар әр екі апта сайын Kaspi.kz-тің ресми YouTube-арнасында жарияланады.

"Қазақтар тұрмайтын Германияда тіліміз қазақша шықты": Шетелде туып-өскен қазақ жігіті желі қолданушыларын несімен сүйсіндірді
