Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мекемеден қашып кеткен": Астанада полиция қамаудан қашқан күдіктіні іздестіріп жатыр

Астанада сотталушы полициядан қашып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне сілтеме жасап хабарлайды. 

кісен

Әлеуметтік желіде тараған мәліметте сотталушының 1992 жылы туған екені айтылған. 

"Байқоңыр ауданы аумағында ЕЦ 166/10 мекемесінен 1992 жылы туған сотталушы кісенмен қашып кетті. Бүгін оны шартты түрде мерзімінен босату бойыншы үкімінің күшін жойған. Жеткізу кезінде ЕЦ аумағынан қашып кетті", – делінген жазбада. 

Ал желіде видео авторы сотталушылардың екеу болғанын мәлімдеген. Дегенмен қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Stan.kz тілшісінің сауалына жауап беріп, мұны жоққа шығарды. 

"Сот қаулысымен мерзімінен шартты түрде босату туралы үкімінің күші жойылған сотталушы тергеу изоляторына жеткізу кезінде полициядан қашып кетті. Қазір жедел-іздестіру жұмыстары жүріп жатыр", – деп жауап берді ведомствоның баспасөз қызметі. 

Талқылау