Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Түрмеде отырған адамның өз баспасөз қызметі қайдан болады": Депутаттар Мәсімовті қамаудан босату қажет деген ақпаратқа пікір білдірді

Мәжіліс депутаттары Кәрім Мәсімовті қорғаушылардың оның денсаулығы жайлы айтып, түрмеден босату туралы талабына қатысты пікір білдірді.18 жылға сотталған ҰҚК-нің экс-басшысының айықпас дертке шалдыққаны туралы Мәсімовтің жеке интернет-ресурсының баспасөз қызметі жазған. Дереккөз оған диагнозды Америкада тұратын дәрігердің қойғанын айтады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты Никита Шаталов Мәсімовтің денсаулығына қауіп төніп тұр деген ақпаратқа күмәнмен қарайды.

“Біріншіден, сұрақ: өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеген адам тергеу изоляторында отырғанда өзінің баспасөз қызметі қайдан болады? Сот үкімі жарияланған кезде біз сот залынан түскен суретін көрдік. Ол 2016 жылы қалай көрінсе, қазір сол кейіпте. Оның үстіне ол жазасының бір жылын өтеп қойды. Менің ойымша, денсаулығына қатысты мәселе болуы мүмкін емес”, – дейді ол.

Кәрім Мәсімовтің сайтында жарияланған ақпаратта американдық дәрігер оның айықпас дертке шалдыққаны туралы медициналық дәлелдеме келтіреді. Шетелдік маманның пікірінше, ҰҚК-нің бұрынғы басшысы шұғыл түрде гуманитарлық бостандыққа шығуы керек, өйткені бұл диагноздардың соңы өлімге әкеліп соғуы мүмкін.



Депутат Ерлан Сайров ешқандай жеңілдік пен амнистияның болмауы керек екенін айтады.

“Ал егер ол медициналық тексеруден өтуі керек болса, онда дәрігерлер қазақ болуы керек – науқасты тікелей өздері тексеруі керек. Үшінші тұлғасыз. Шетелден келген мамандардың қандай талдауларға сүйенетіні белгісіз”, –дейді Саиров.

Еске салайық, ҰҚК-нің экс-басшысы 18 жылға сотталған. Сондай-ақ оның мал-мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылған. Со  оны мемлекетке опасыздық жасау, билікті күштеп тартып алу және билікті асыра пайдалану үшін кінәлі деп тапты.

Талқылау