AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Түрлі инфекциялық ауруға шалдығып жатырмыз": Лай су ішуге мәжбүр болған Алматы облысының тұрғындары ашулы

Алматы облысына қарасты Қырғауылды ауылында ауыз су мәселесінің шешімін таппай келе жатқанына бірнеше жыл болған-ды. Тіршілік нәріне зәру жұрт жанайқайымызға құлақ асар жан жоқ деп наразы. Осы бір аса өзекті мәселеден зығырданы қайнаған жұрт өздерінің мұңын БАҚ өкілдеріне шақты. Халықтың үнін Stan.kz тілшісі де тыңдап қайтты.

Алматы облысы Қарасай ауданындағы Қырғауылды ауылының тұрғындары өздерінің әлі күнге дейін ауыз суға жарымай отырғандарына наразыАуыл тұрғыны Мирхат Салимов мәселенің шешімін таппай келе жатқанына біраз жылдың жүзі болғанын айтады. Сөзінше, елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз етуді мойнына алған жеке кәсіпкер халықтың қаржысын жинап алғанымен, өз міндетін толық орындамай отыр екен. Бұған қоса бастапқыда ауыз суға қосылудың құны әр абонент үшін 350 мың теңге болса, кейін 450 мың теңгеге көтеріліпті.  

“Судың сапасы біртіндеп өзгере бастады. Бірде дұрыс, бірде лайланған су ішіп жүрдік. Кейін су сапасы күрт төмендеп кетті. Сөйтсек, су скважиналары істен шыққаннан кейін елге ешқандай түсіндіру жұмыстарын жүргізбестен, арықтың суына қоса салыпты. Судың сапасыздығынан бүгінде тұрғындардың көпшілігінде түрлі инфекциялық аурулар пайда болды. Қызымның денесінде түрлі бөртпелер шықты. Ал жергілікті әкімдік болса, бұл жағдайға көз жұмып қарап отыр”, – дейді ауыл тұрғыны Мирхат Салимов. 

Жергілікті жұртты ауыз сумен қамтамасыз етуге уәде еткен жеке кәсіпкердің өкілі Тимур Ержанұлы мәселе бойынша пікірін айтты.

"Қазіргі таңда таза ауыз су шығару үшін бұрғылау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірақ әлі су шықпай жатыр. Осымен үшінші жерді қазып жатырмыз. Әзірге осы бағыттағы жұмыстарды жалғастырамыз. Бірақ жердің астында не бар екенін білмегендіктен, ауыз судың қашан болатынын нақты айта алмаймыз", – дейді ол. 

Ал суға қосылу үшін қыруар қаржысын шығындаған халық  ауыз суды дүкеннен сатып алып ішуге мәжбүр. Ал фильтр орнатқан тұрғындардың өзі су сапасының нашарлығынан құрылғының айға жетпей істен шығып қалып жатқанын айтады. Ал үйлеріндегі су ішу тұрмақ, жуынуға да жарамай тұр.

Райымбек ауылдық округінің әкімі тұрғындардың шағымына нақты жауап айтпады. 

"Қырғауылды ауылын сумен қамтамасыз ету үшін бүгінде 15 км 210-дық су құбыры тартылды. Қазіргі таңда 1500 кубтық екі су қоймасына тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауыл алдағы уақыттта таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі", – дейді. 

Жоспар бойынша биылғы жылы мемлекет тарапынан ауыз сумен қамтылуы тиіс Қырғауылды ауылы тұрғындарының мәселесі қалай шешілері уақыттың еншісінде. Ал құрғақ уәдеге де, лас суға да тойған жұрт ауыз су мәселесі жақын арада оң шешімін таппаса, көшеге шығып, жолды жабуға бекініп отыр. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр