AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түрлі банк атынан хабарласып, ақша жымқырған: Алматыда алаяқтықпен айналысып жүрген топ ұсталды

Алматы полициясы ірі көлемде алаяқтық жасаған қылмыстық топтың басшысын ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Криминалдық полицияның мәліметінше, ұсталған азамат – қазақстандықтарды алдап жүрген алаяқтармен байланысы бар 1993 жылғы К. есімді азамат.

"Қылмыстық топ азаматтарға қоңырау шалып, өздерін банк қызметкері ретінде таныстыратын телефон алаяқтығымен айналысқан. Олар өз атынан біреу онлайн несие бермекші екенін хабарлайды. Егер тұрғын қулыққа түсіп қалса, онда қоңырау шалушы жинақты "резервтік шотқа" аударуды ұсынады, осылайша қылмыскер басқа адамдардың ақшасына қол жеткізеді. Дәл осындай "резервтік шоттарды" К. есімді азамат қамтамасыз етті. Дәлірек айтсақ, ол адамдарды тауып, олардың карталары арқылы ақша алуды ұсынып, сол үшін көп көлемді сыйақыға уәде берді. Рұқсат етілген тінту кезінде күдіктіден әртүрлі екінші деңгейлі банктердің 157 картасы тәркіленді.  Олардың қожайындарын да, алаяқтыққа қатысы барын да анықтаймыз", – деді Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Берік Әбілбеков.

 Сондай-ақ жалдамалы пәтерде К. есімді азаматпен бірге 23 және 25 жастағы тағы үш ер адам ұсталды. Олар Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарынан келген.

"Бұл адамдардың міндеттеріне картаға түскен ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру кірген. Қазіргі уақытта жоғарыда аталған азаматтардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Кінәлілер жауапқа тартылып, азаматтардан ақша алудың тізбегі толықтай белгілі болады", - деді Берік Әбілбеков.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр