Түркияның Хатай қаласында құтқарушылар үйінді астында қалып қойды
Түркияның Хатай қаласында құтқарушылар үйінді астында қалып қойды. Жер сілкінісінен зардап шеккен ғимарат үйінділерді тазалау кезінде опырылып түскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ғимараттың құлаған сәтін түріктің A Haber арнасы жариялады. Барлығы іздеу жұмыстары мен үйінділерді тазалау кезінде болған. Құтқарушылардың өзі тірі ме, жоқ па, әлі хабарланған жоқ.
Алайда кейбірлеуден басын қатерге тігіп, өзгенің өмірін сақтап қалуға тырысып жүргенде біреулер қайғылы оқиғадан ақша табуға тырысуда. Түркияда тонаушылар белсенді түрде әрекет ете бастады. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, олар бандыларға ұйысып, әртүрлі қылмысқа барып жатыр.
Желіде жолдарды жауып, көліктерді тонап, гуманитарлық жүк көліктерін ұрлап, қираған ғимараттардан заттарды алып жатқан топтардың ұсталғаны туралы бейнежазбалар пайда болған.
Алматылықтар аптап ыстықта жылудың өшірілмей жатқанына шағымданды: Әкімдік себебін түсіндірді
Алматылық Ерғали Жақсылықов жергілікті билікке шағымданды
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі