Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияға қатерлі ісікті емдеу үшін келіп көз жұмған баланың отбасына қазақстандықтар бірнеше сағатта 6 миллион теңге жинап берді

Астаналық отбасы қатерлі ісікке шалдыққан баласын емдету үшін Түркияға барған, алайда 8 жастағы балалары сол жақта көз жұмды. Бір сорақысы, ата-анасы ауруханаға қарыз болғандықтан, баланың мәйітін бермей қойған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бекнұр мен оның анасы

19 қарашада 8 жастағы Бекнұр Оразбай Ыстамбұлдағы Medipol ауруханасына емделуге келгенімен, сол жақта қайтыс болған. Бала екі жасынан бері қатерлі ісікпен күрескен екен. 

Баланың ата-анасы емханаға 17 мың доллар, яғни 7 миллион 847 мың теңге қарыз болғандықтан, олар баланың денесін бермей қойған. Марқұмның ата-анасы және олардың бірге толмаған баласы елге қайта алмай, халық пен елшіліктен көмек сұрады. Отбасыға “Бақытты шаңырақ” көмектесуге келісіп, қор ашты.

Түркиядағы Қазақстанның бас консулы  17 мың доллар қарызды 10 мың долларға дейін, яғни үш миллионға түсіруге келіскенін мәлімдеді. 

Қор мен халықтың көмегімен марқұмның отбасына 21 қарашада 6 миллион теңге жиналды. 

Халық жинаған ақшаның 4 миллион 616 мыңы аурухананың қарызын жабуға, 550 мыңы баланың денесін толық тіркеу арқылы елге қайтаруға және 290 000 теңгесі  Ыстамбұл – Астана бағыты бойынша ата-аналарының әуе билеттеріне кетті.

Қарыз жабылғандықтан, олар енді баланың мәйітін Қазақстанға әкеле алады. 

Талқылау