Түркияға 10 тамыздан бастап ұшуға рұқсат берілу жоспарлануда
Мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков 10 тамыздан бастап Түркияға туристік рейстерді қайта бастау туралы жоспарларын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Мұның бәрі біздің елдегі және серіктес елдердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Бірақ тұтастай алғанда, 10 тамыздан бастап Түркиямен рейстерді қалпына келтіру мәселесі қарастырылуда", - деді Рыспеков ОКҚ брифингінде.
"Үкімет жәй отырған жоқ, ол карантин енгізілгенге дейін және эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына дейін өңделмеген басқа бағыттарды пысықтауда. Қазір кейбір елдер жағдайларының нашарлағанына байланысты өздерінің шекараларын жауып тастады. Осы елдердегі жағдай тұрақтанған сайын, біз бұл мәселені бақылауда ұстаймыз және оны шешеміз", - деп сендірді ол.
Естеріңізге сала кетейік, 20 маусымнан бастап Қазақстан Түркия мен Оңтүстік Кореяға халықаралық рейстер ашты. 20 маусым мен 4 шілде аралығында 622 қазақстандық Түркияда демала алды. Бірақ эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Түркияға рейстер уақытша тоқтатылды.