Түркиядағы жер сілкінісі: Футбол жанкүйерлері алаңға жұмсақ ойыншық лақтырып, қолдау көрсетті
"Бешикташ" футбол клубының жанкүйерлері Стамбұлда өткен "Анталяспор" футбол клубымен матч кезінде алаңға мыңдаған жұмсақ ойыншық лақтырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC News-ке сілтеме жасап.
Ойыннан кейін Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккен балаларға ойыншықтар сыйға тартылады.
Матч басталғаннан кейін 4 минут 17 секундтан кейін тоқтатылды, бұл Түркия мен Сирияда ағымдағы жылдың 6 ақпанында таңғы сағат 04:17-де болған бірінші жер сілкінісінің уақытына сәйкес келеді.
Артынша жанкүйерлер Түркия мен Сириядағы балаларға сыйға тартылатын ойыншықтарды трибунадан лақтыра бастады.
"Біздің жанкүйерлеріміз жер сілкінісінен зардап шеккен балалардың көңіл-күйін көтеру үшін матч барысында "Бұл ойыншық менің досым" атты мазмұнды іс-шара ұйымдастырды. Жанкүйерлер жер сілкінісінен зардап шеккен балаларға беру үшін трибуналардан шарфтар, береттер және жұмсақ ойыншықтарды лақтырды", - деп мәлімдеді "Бешиктас" ФК.
Футбол жанкүйерлері матч өткен Vodafone стадионында болған іздеу-құтқару қызметкерлеріне де қошемет көрсетті.
Газиантеп пен Хатайспор футбол клубтары жер сілкінісінен кейін Түркия Суперлигасының маусымынан шығып қалды, зардап шеккендердің арасында Хатайспорда ойнаған Кристиан Атсу да болды. Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі 50 мыңнан астам адамның өмірін қиды.