Түркиядағы су тасқынынан көз жұмғандар саны 10 адамға жетті
Түркияның оңтүстік-шығысындағы Шанлыурфа провинциясында сел тасқынынан қаза тапқандар саны 10 адамға жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Анадолыға сілтеме жасап.
Шанлыурфада 14 наурызда толассыз жаңбыр жауған. Салдарынан тасқын су провинцияның әкімшілік орталығындағы бірқатар көше мен даңғылын басып қалған. Провинцияның өрт қызметінің мәліметінше, Вейсел Карани кварталындағы ғимараттардың бірінің жертөлесінен бес адамның мәйіті табылған. Олар сириялықтар. Осылайша, табиғи апат құрбандарының саны 10 адамға жетті.
Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Еске салайық, Түркияның Шанлыурфа провинциясында толассыз жауған жаңбырдан 5 адам көз жұмғаны хабарланды. Аурухананы су басып, мектептерде сабақ тоқтаған.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ