Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркиядағы наразылық: Сыртқы істер вице-министрі зардап шеккен қазақстандықтардың бар-жоғын айтты

Сыртқы істер вице-министрі Ақан Рахметуллин Түркиядағы наразылық кезінде зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары бар-жоғын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: AP/Khalil Hamra

Вице-министрдің айтуынша, шеру кезінде зардап шеккендердің қатарында қазақстандықтар жоқ. 

“Ең бастысы, ол жерде зардап шеккендер жоқ. Себебі біздің сыртқы істер министрлігі Анкарадағы бас консулдық және елшілік белсенді жұмыс жүргізді. Бізде Ыстамбұл, Измир, Анталия қалаларында да бас консулдықтар бар. Барлығы наразылық басталған сәттен бастап алдын ала жұмыс атқардық. Бірден азаматтарды, негізінен студенттер мен туристерді, халық жиналған орындар мен наразылықтар өтіп жатқан жерлерге бармау туралы ескерттік”, – дейді Ақан Рахметуллин.

Ол отандастарға әзірге Түркияға бармауға кеңес берді.

“Мен қазір баруға болмайды деп айтпас едім. Бірақ, әрине, өзімнің жеке пікірім, СІМ атынан емес, бәлкім, күте тұрар едім”, – деді вице-министр. 



Еске салайық, бұған дейін Ыстамбұл мэрі қамауға алынған соң түрік лирасының бағамы рекордтық деңгейде құлдырағаны туралы жазған едік. Кейіннен Ыстамбұл мэрінің қамауға алынуына байланысты жаппай наразылық шерулері басталған. 

Талқылау