Түркиядағы қазақстандық баланың өлімі: СІМ түсініктеме берді

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Түркияда 9 жасар баланың қайтыс болу фактісі жайлы толық ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ведомствоның мәліметінше, қазақстандық Түркия аумағында жерленген.

"Қайтыс болған баланың ата-анасы консулдыққа жүгінбеді. Біздің мәліметтеріміз бойынша, олар ұлын Түркия аумағында жерледі. Жүргізуші ұсталды, тергеу жүріп жатыр", - деп түсіндірді ведомствода.

Еске салайық, қайғылы оқиға 28 қыркүйекте Аланья қаласында болған. Баланы тас жолдан өтіп бара жатқанда көлік қағып кетті. Соққыдан қазақстандық бірнеше метрге ұшып кеткен. Осыдан кейін жүргізуші жол қоршауын қағып, жанармай бекетіне құлады.

Бала ауыр халде Аланьядағы Алааддин Кейкубат университетінің ауруханасына жеткізілді. Көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, қазақстандықты құтқару мүмкін болмаған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр