Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 42 адамға жетті
Түркияның батысындағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 42 адамға жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Соңғы мәліметтер бойынша, 42 адам қаза тапты. Измирдегі құтқарушылар қираған тоғыз ғимараттың үйінділерінің үстінде жұмыс істеп жатыр», - делінген республиканың төтенше жағдайлар және табиғи апаттар жөніндегі агенттігінің хабарламасында.
Жұма күні түстен кейін 6,6 баллдық жер сілкінісі Түркияның батысында болды, эпицентрі Эгей теңізінде Измир провинциясындағы Сеферихисар қаласының маңы.
Жер сілкінісі жақын тұрған Грекия аралдарында да сезілді; грек сейсмологтері оның күшін 6,9 балл деп бағалады. Измирде кем дегенде 20 ғимараттың құлағаны туралы хабарланды. Жер сілкінісі кішігірім цунами тудырып, Сеферихисардағы жағалаудағы көшелерді су басты.
Жер сілінісі Грекияның Самос аралында да тіркелді, онда екі адам қайтыс болып, 20 адам жарақат алды.
Талқылау