Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тележүргізуші кофе стақанымен эфирге шыққаны үшін жұмыстан қуылды

Түркияда жаңалықтар жүргізушісі Starbucks белгісі бар стақанмен эфирге шыққаны үшін жұмыстан босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі TGRT haber телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: TGRT Haber

Түркия Starbucks-ты "Израильді жақтаушы" компания деп санайды. Сол себепті жұмыс беруші тележүргізуші Мелтем Гүнайды жұмыстан шығарды. 

"TGRT Haber телеарнасының 24 желтоқсандағы жаңалықтар хабарында жүргізуші Мелтем Гүнай Starbucks компаниясына тиесілі стақанды үстелінің үстіне қойды. Біздің ұйымның қағидаттарына сәйкес, TGRT haber арнасында кез келген компанияға жасырын түрде жарнама жасауға қатаң тыйым салынады. Осы принципті бұзғаны үшін жүргізуші мен режиссер жұмыстан босатылды. Біздің ұйым Газа мен түрік халқының жағында. Сондай-ақ оларды соңына дейін қорғауды жалғастырады", – делінген телеарнаның әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде.

Түркияның түкпір-түкпірінде Израиль өнімдеріне және Израильге қолдау көрсететін компанияларға бойкот жариялау науқаны жүріп жатыр.

Түркияда McDonald's және Starbucks компанияларына қарсы наразылықтар біраздан бері жалғасып келе жатқанымен, әзірге ешбір сауда нүктелері жабылмады.

Талқылау