Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияда "Сүлеймен Сұлтан" сериалының жұлдызы ұсталды

Эзги Эюбоглу ұсталдыФото: Видеодан скриншот

Түркия полициясы “Сүлеймен Сұлтан” (Великолепный век) сериалына түскен 37 жастағы актриса Езги Эйюбоглуды есірткі қолданды деген күдікпен ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Cumhuriyet-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, Ыстамбұлда есірткіні қолдану немесе таратуға күдік бойынша жүргізілген кезекті рейд кезінде сегіз адам, оның ішінде актриса да қолға түскен.

Езги Эйюбоглу сериалдың екінші маусымында Қырым ханының қызы Айбиге-хатун рөлін сомдаған.

Сондай-ақ, өткен аптада Түркиядағы Habertürk телеарнасының бас редакторы әрі танымал жүргізуші Мехмет Акиф Эрсой есірткі саудасына қатысты істі тергеу аясында қамауға алынғаны айтылды. Сараптама нәтижесі оң шыққаны хабарланғанымен, Эрсой кінәсін мойындамайды.

Түркияда мұндай операциялар қазан айынан бері жиілеген: тергеу барысында бірнеше актер мен инфлюенсер ұсталып, кейбірінің қаны мен шашынан есірткі іздері табылған. Дегенмен ұсталғандардың бірқатарына қатысты анықталған заттардың құрамында дәріханада рецептпен берілетін дәрілерде кездесетін компоненттер болуы мүмкін екені де көрсетілген.

Айта кетейік, бұған дейін әйел зергерлік дүкенде алтынның бағасын естіп, есінен танып қалғаны хабарланды. 

Балнұр Жұмаділла
Дүйсенбі, 22 Желтоқсан, 2025 18:08