Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияда орман өрттері қонақүйлерге жақындады

Түркияда орман өрті қонақүйлерге жақындады. Қазір Анталияның үш ауданы мен елдің тағы екі провинциясындағы жалын сөндірілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Әлеуметтік желіде Кемердегі орманда кең көлемді жалын бар видео тарап жатыр. Кейбір кадрларда өрттің қонақүйлерге жақындағанын көруге болады. Өртті Кемерде демалып жатқан туристер түсіріп алған. Бұл жер қазақстандықтар арасында да өте танымал.

Бұл ретте әзірге туристерді эвакуациялау туралы ақпарат шықпады.

"Біз Анталия облысының Кас, Кемер және Ташайыл аудандарында, сондай-ақ Маниса облысының Саруханлы ауылында және Кахраманмарас провинциясының Дулкадироглу ауылында орман өрттерімен күресуді жалғастырып жатырмыз", – деп хабарлады Түркия Орман шаруашылығының бас басқармасы Twitter-де.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған дүйсенбі күні азаматтарды ормандарға мұқият болуға және олардың маңайында өрт шығуына жол бермеуге шақырды. Оның айтуынша, қазірдің өзінде орман өрттерін сөндіруге 24 ұшақ, 100 тікұшақ және 10 ұшқышсыз ұшу аппараты, сондай-ақ 25 мың өрт сөндіруші жұмылдырылды.

Талқылау