Түркияда мысық өліміне байланысты наразылықтар болды: Ақыры адамдар ең қатал үкімге қол жеткізді (видео)
Түркияда мысықты ұрып өлтірген ер адам 2,5 жылға сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: onedio.com
Ыстамбұл қаласының тұрғыны Ибрагим Келоғлан есімді азамат өзі тұратын тұрғын үй кешенінің ішінде жүрген жануарды қасақана өлтірген. Ер адамның мысықты азаптап жатқан сәті тұрғын үй кешеніндегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Стамбулда болған оқиға бүкіл Түркияда резонанс тудырған еді. Ибрахим Келоглан есімді ер адам жануарды әдейі азаптаған. Ол қаңғыбас мысықты 6 минут бойы тепкілеп, жануар қашуға тырысқанда, оның жолын жауып алған. Оқиға ер адам тұратын тұрғын үй кешенінің лифтінде болды.
Эрос бұралқы мысық болған. Бірақ оған бүкіл аудан тұрғындары тамақ беріп, бақылап отырған. Олар өлген жануарды тауып алғаннан кейін бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеп, ер адамның жеке басын өздері анықтаған.
Видеолар әлеуметтік желіде тарап тұрғындар мен еріктілердің наразылығын тудырды. Халық наразылыған соң, ер адам қамауға алынды. Алғашында сот Ибрагим Келоғланды бір жыл үш айға бас бостандығынан айырғанымен, Ыстамбұл тұрғындары сот ғимаратының маңында жаппай наразылық шерулерін бастап, әлеуметтік желілерде #eros (мысықтың аты) белгісімен 1 миллионға жуық жазба жарияланды.
Фото: onedio.com
Нәтижесінде сот шешімімен Ерос есімді мысықты өлтірген Ибрагим Келоғлан 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар, ел президенті Режеп Тайып Ердоған оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"Әрбір тіршілік иесінің өмір сүру құқығы қасиетті және оған ешкім қол сұқпауы керек. Біз кішкентай бауырларымызға қатыгездік көрсетуге қарсы тұруды жалғастырамыз", - деді ол өзінің үндеуінде.