Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

9 жасар қазақстандық бала Түркияда көліктің астына түсіп мерт болды

Түркияда қазақстандық 9 жасар баланы соғып кетті. Бүлдіршін алған жарақатынан қаза болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Yeni Alanya баслымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 28 қыркүйекте Аланьяда болды. Бала D-400 жолынан өтіп бара жатқанда оны көлік қағып кетті. Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Қазақстандық бала соққыдан бірнеше метрге ұшып кеткен. Осыдан кейін жүргізуші жол қоршауын соғып, жанармай құю бекетіне соғылған.

Бала ауыр халде Аланьядағы Алааддин Кейкубат университетінің ауруханасына жеткізілді. Көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, қазақстандықты құтқару мүмкін болмады.

Аталған ақпаратты ҚР сыртқы істер министрлігі растады.

"Ия, бұл біздің азамат. Қаза болған баланың ата-анасы консулдыққа жүгінбеді. Біздің мәліметтеріміз бойынша, олар ұлын Түркия аумағында жерледі", - деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Талқылау