Түркияда KFC мейрамханалары жабылмақ: Мыңдаған адам жұмыстан қағылды
KFC серіктесі Is Gida-ның банкротқа ұшырауына байланысты Түркиядағы барлық 537 мейрамханасын жапты. Мыңдаған жұмыс орны мен елдің бүкіл азық-түлік нарығына қауіп төніп тұр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Is Gida-ның 7,7 миллиард түрік лира қарызы жинақталып, сол үшін компания банкроттық рәсімін бастап кеткен. Қиын қаржылық жағдаймен қатар, азық-түлік сапасы мен қауіпсіздік стандарттарының өрескел бұзылуы келісімшартты бұзудың бір факторы болды.
KFC брендінің иесі Yum! Brands америкалық корпорациясы түрік франчайзиі Is Gida-мен серіктестігін аяқтағанын ресми түрде жариялады. Алдағы уақытта желі басқа серіктестермен жұмысын жалғастыра ма, жоқ па, әзірге белгісіз.
McDonald's баланың аяғы ыстық наггетстен күйіп қалғаны үшін кінәлі деп танылды
Мұндай үлкен желінің жабылуы жүздеген мейрамхана мен мыңдаған қызметкерді жұмысынан айырмақ. Бұл Түркиядағы қоғамдық тамақтандыру нарығына айтарлықтай әсер етеді.
Еске салайық, Қазақстанда McDonald's брендімен 2016 жылы ашылған 24 фастфуд мейрамханалары Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Қарағанды қалаларында болған.
2022 жылдың 17 қарашасында Қазақстандағы McDonald's желісі жұмысын тоқтатқанын хабарлады. Ал 2023 жылдың қаңтар айында "Food Solutions KZ" ЖШС мейрамханалардың атауын өзгертті.