Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Түркияда кесарь тілігін жасауға тыйым салынбақ

Фото: Ru.freepik.com

Түркия билігі туу көрсеткішінің төмендеуімен күресу мақсатында медициналық көрсетілімсіз жоспарлы кесар тілігіне тыйым салмақ. Әйелдер құқықтарын қорғау ұйымдары мұндай шешіммен келіспейді. Елде бұл мәселе қызу талқыланып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі  DW басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

“2024 жылы 19 сәуірде “Түркия Республикасының ресми газетінде" жарияланған қаулыда "Жоспарлы кесар тілігі енді медициналық орталықтарда жасалмайды" деген тармақ бар”, – деп жазды басылым.

Денсаулық сақтау министрлігінің шешімінде шағын жекеменшік клиникаларда медициналық көрсеткіштерсіз жоспарлы кесар тілігін жасауға енді рұқсат етілмейді. Алдағы уақытта ота бөлімі жоқ емханаларда перзентхана бөлімшелерін ашуға мүлде тыйым салынады делінген.


Германия билігі түсік тастаған әйелдерге декреттік демалыс беруді ұсынды


Сондай-ақ жаңа ережелер науқастардың деректерін цифрлық құжаттауды және медицина мекемелерінің заманауи қауіпсіздік пен деректердің ашықтығы стандарттарына сай болуын міндеттейді. Медициналық процедуралардың ғылыми ұсынымдарға сәйкес жүргізілуін қамтамасыз ету үшін тұрақты тексерулер жүргізілмек.

Айым Болатқызы
Жұма, 02 Мамыр, 2025 09:50
Талқылау