Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияда аусыл вирусының тарауына байланысты карантин енгізілмек

Түркияда сегіз кәсіпорында аусыл вирусы анықталғандықтан, карантинге жабылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Риа Новости сайтына сілтеме жасап.

Иракта аусыл ауруы таралғаны туралы хабарламалардан кейін Орман және ауыл шаруашылығы министрлігі тексеруді бастады.

"Sat-2 серотипінің аусыл вирусының алғашқы жағдайы анықталды. Қазіргі уақытта инфекция аймағындағы сегіз кәсіпорын карантинге жабылды”, – деп мәлімдеді Түркия орман және ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хатшысы.

Түрік шенеуніктері аурудың таралуын болдырмау үшін барлық шараларды қабылдағанын атап өтті. Қазір олар елдегі барлық малды вакциналаудың қажеттілігі бар-жоғын зерттеуде.

Талқылау