Түркия мен Қырғызстан президенті Қазақстанға келді
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммитіне қатысу үшін елордаға Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәртебелі қонақтарды Астана әуежайында премьер-министр Әлихан Смайылов қарсы алды.
Еске сала кетейік, 3 қарашада Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммиті өтеді. Оған ТМҰ-ге мүше Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары, сондай-ақ бақылаушы мемлекеттер – Мажарстан мен Түрікменстанның көшбасшылары қатысады.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн