Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркия Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

Түркия Қазақстанда салмағы 11 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап. 

гум помощь

"Қазақстан үкіметінің арнайы жіберген ұшағы Түркия Республикасынан гуманитарлық көмек алып қайтты. «Айдың нұры» қоры, Анкара шаһары муниципалитеті, Қожа Ахмет Ясауи университеті Түркия түлектері бірлестігі мен осы елдегі қазақ диаспорасының жинаған көмегі де осы көлікке тиелді. Жүк салмағына келсек, мысалы бір ғана түрік үкіметінің жіберген жүгінің құрамында өкпені жасанды желдетуге арналған 30 аппарат, ПТР-талдауға арналған 2 жабдық, 200 мыңнан астам медициналық препараттар мен бұйымдар бар", - делінген ресми хабарламада.

Арна мәліметінше, бұл көмек үкіметаралық өзара түсіністік меморандумы аясында тегін тарту етілді.

"Қазақстанның COVİD-19 індетімен күресі нәтиже береді деп сенеміз. Мамандарға күш-қуат берсін, науқастарға шипа болсын. Түркия әрқашан Қазақстанмен бірге. Сондай-ақ бұл көмек осы уақытқа дейін шетелге жіберілген ең ауқымды көмек екенін айта кеткім келеді. Гуманитарлық жәрдем 6 шілдеде Ердоғанның Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлескеннен кейін берген тапсырмасына сай ұйымдастырылып отыр", - дейді Түркия сыртқы істер министрінің орынбасары Явуз Селим Кыран.

Түркиядағы қандастарымыз да атажұрттағы жағдайға алаңдап, жәрдем беруді жөн көрген. Бұған қоса Еуропадағы жерлестерімізде көмек көрсетуге ат салысыпты. .

"Шет елде өмір сүрсек те, жүрегіміз әрқашан отан деп соғады. Қысылтаяң кезеңде бір-бірімізге демеу болу – біз үшін борыш. Бір апта ішінде шамамен 1 тоннаға жуық медициналық көмек жинадық. Оны "Отандастар" қоры, қажетті азаматтарға тарқатады, - деді Катеад бірлестігінің төрағасы Ертолқын Гайретулла. Сондай- ақ Қожа Ахмет Ясауи Университеті Түркия түлектері де білім алған елін ұмытпай, Қазақстан елшілігіне 28 оттегі концентратын табыстады. "Кенеттен келген кеселдің кері әсері төрткүл дүниеге қатты тиді. Қазақстанның нанын жедік, суын іштік. Көмек кезек бізде. Бұл жиһаздардан бөлек, Яссауи Университетін тәмамдаған дәрігерлерді жіберсек дейміз", - деді Яссауи университеті түлегі Мүрат Демирез.

Сондай-ақ гуманитарлық көмектің құрамында "Айдың нұры" қорының 135 дана оттегі концентраторы да бар. Аппараттар осы рейспен жеткізу үшін арнайы Стамбұлдан Анкараға әкелінді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр