Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның қай аймақтарында коронавирус өршіп жатыр?

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният "ҚР карантиндік шараларды күшейту және коронавирустың екінші толқынының алдын алу" тақырыбындағы онлайн баспасөз-конференциясы кезінде ел аумағындағы вирустың таралуы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Комиссияның шешімімен шекарадағы бақылау қатаңдатылды. Вице-министрдің сөзінше, енді әуе рейстері біртіндеп қысқаратын болады.

"Әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты ведомствоаралық комиссия шекарадағы бақылауды күшейту туралы ұсынысты мақұлдады. 26 қазаннан бастап мына елдерге әуе рейстерінің саны қысқартылады. Украина, БАӘ, Германия, Беларусь және Түркия елдері. Украинамен әуе рейстерінің саны 6 - дан 1 - ге дейін, БАӘ - ден 24-тен 16-ға дейін, Германиямен 6-дан 4-ке дейін, Беларусь Республикасымен 9-дан 4 рейске дейін қысқарады", - дейді Ажар Ғиният.

Сонымен қатар, вице-министр коронавирус жұқтырғандар саны артып жатқан қалаларды атады.

"Науқастардың ең көп саны Нұр-Сұлтан (125), Шығыс Қазақстан (95), Алматы қаласында (79), Павлодар (79), Солтүстік Қазақстан (74), Қарағанды (69) және Атырау (58) облыстарында тіркелді, бұл жалпы сырқаттанудың 74%-ын құрайды. Алматы облысында сырқаттану 3,3 есеге, Ақтөбе облысында 2,5 есеге, Нұр-Сұлтан қаласында 1,8 есеге, Павлодар облыстарында 1,7 есеге, Батыс Қазақстан облысында 1,6 есеге, Қарағанды облысында 1,5 есеге, Ақмола облысында 1,3 есеге, Алматы қаласында және Атырау облысында 1,2 есеге, Қостанай облысында 5 жағдайға, Қызылорда облысында 4 жағдайға өсті", - дейді Ажар Ғиният.

Талқылау