AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркия Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруіне келісім берді

Түркия Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруіне келісім берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы НАТО-ның баспасөз қызметі Twitter-дегі ресми парақшасында жазды. 

Үш ел Мадридтегі НАТО саммитінде "бір-бірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету" бойынша бірлескен меморандумға қол қойғаннан кейін ортақ шешімге келген. Енді Хельсинки мен Стокгольм әскери альянсқа қосылуға өтініш бере алады. Түрік тарапынан құжатқа Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу қол қойды.

Reuters мәліметінше, Хельсинки мен Стокгольм енді альянсқа қосылуға өтініш бере алады, бұл "соңғы жылдардағы еуропалық қауіпсіздіктегі ең үлкен өзгеріс" болуы керек.

"Сыртқы істер министрлеріміз Түркияның Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруін қолдайтынын растайтын үш жақты меморандумға қол қойды. Бұл үдерістегі нақты қадамдарды НАТО одақтастары алдағы екі күнде келіседі", – деді Финляндия президенті Ниинисте.

Ведомство мәліметінше, келісімді ратификациялау процесі бір жылға дейін созылуы мүмкін.

Еске сала кетейік, Түркия Швеция мен Финляндияны Анкара террористік аймақ деп санайтын күрд қарулы күштерін қолдады деп айыптайды. Сонымен қатар бұл елдер 2019 жылы Сириядағы күрдтерге қарсы әскери операция басталғаннан кейін Түркияға қорғаныс өнімдерін жеткізуге санкциялар салған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр