Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркия аумағындағы барлық қазақстандық жолаушылар елге уақытылы қайтарылады

4 шілдеден бастап Түркия Қазақстан азаматтарының елге кіруіне шектеу енгізді. Осыған байланысты елдегі барлық қазақстандық жолаушылар уақытылы қайтарылатын болады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев айтты.

"Мемлекеттік комиссия шешімімен ертеңнен бастап карантиндік режим енгізіледі. Азаматтық авиация саласында бүкіл ішкі рейстер орындалады. Ешқандай шектеу жоқ. Бүгінгі таңда апта сайын 45 бағыт бойынша 457 рейс орындалады. Оларға ешқандай шектеу болмайды, жалғастыра береміз, - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Айтуынша, халықаралық бағытта бұған дейін ашылған Түркия мен Оңтүстік Кореяға ғана рейстер орындалады.

"Кеше біз Түркия тарапынан ресми шешім алдық. Бүгіннен бастап Түркия біздің азаматтарымыздың өз еліне кіруіне шектеу енгізеді. Сондықтан Оңтүстік Кореяға ғана әуе рейстері қалады. Жаңа рейстер ашылмайды", - деді Талғат Ластаев. Комитет басшысының айтуынша, Түркияда уақытша тұруға және жұмыс істеуге рұқсаты бар Қазақстан азаматтары бұл елге еш кедергісіз кіре алады.

"Түркия аумағындағы барлық жолаушылар елге қайтарылады. Әуе компаниялары тарапынан барлық міндеттемелер толық орындалады", - деді ол.


 

Талқылау