Түркия 27 тамыздан бастап Қазақстанмен әуе байланыстарын қалпына келтіреді

27 тамызда Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстеріне қойылған шектеулер алынып тасталады. Бұл туралы индиустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"COVID-19-ның таралуына байланысты жағдайдың тұрақтануы мен жақсаруын ескере отырып, түрік тарапы Қазақстаннан Түркияға жолаушылардың кіруіне шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады. 2020 жылдың 27 тамызында Қазақстан мен Түркия арасындағы тұрақты жолаушылар рейстеріне қойылған шектеулер алынып тасталады", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. 

Рейстер Қазақстан мен Түркияның санитарлық-эпидемиологиялық стандарттарына сәйкес орындалады. Кестені авиакомпаниялардың веб-сайттарынан табуға болады.

Еске салайық, Түркия тарапы 2020 жылдың 5 тамызынан бастап Қазақстаннан жолаушылардың кіруіне шектеулер енгізді.

Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің Азаматтық авиация комитеті екі ел арасындағы рейстерге қойылған шектеулерді алып тастау туралы келіссөздер өткізді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр